10
февраль
2021
"Туған жерге тағзым"
Тараз – күллі қазақ тарихының алтын діңгегі екеніне ешкімнің дауы болмас. Тарихи Тараздың тылсымының бірі – Тектұрмас кесенесі. Сәулеті мен құрылысы белгісіз бұл қасиетті орын жайлы түрлі аңыздар айтылады. Сауда керуендері жүріп өтетін тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл маңда адам айтса нанғысыз құбылыстар болып тұрған деседі. Оның көпшілігінде бұл кесенені діни орын ретінде сипаттайды. Тіпті кей деректерде оның астында Тараз қаласының орталығына дейін жететін жерасты жолы бар әскери-стратегиялық нысан деп те айтқандар бар екен. № 30 мектеп - гимназиясында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Қазақстанның рухани киелі жерлері" жобасы аясында мектепішілік "Туған жерге тағзым" жобасын іске асыру және оқушыларды тарихи мұра -"Тектұрмас" кесенесінің тарихымен таныстыру мақсатында виртуалды саяхат өткізілді.