Қамқоршылық кеңес есебі » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес есебі
20
май
2020

Қамқоршылық кеңес есебі

Құрметті қонақтар, ата-аналар!

        Уақыт талабына сай білім мазмұнын  жаңартып  отыру - бүгінгі  күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген №30 мектеп-гимназия ұжымы өткен оқу жылын табысты тамамдады.

         Мектеп-гимназия 2018-2019 оқу жылын 1462 оқушымен  бастап, 1463 оқушымен аяқтады. 1-4 сыныпта - 28 сынып-743 оқушы, 5-9 сыныпта -24 сынып - 650 оқушы,        10-11 сыныпта - 3 сынып - 70 оқушы білім алды, 6 МАД тобында 154 тәрбиеленуші болды.

       Мектептегі педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сайкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастырыру мақсатында - Мектептің Даму Жоспары және Жылдық жоспары жасалынды.    Даму Жоспарында  алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда  бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілді.   Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің   оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы   балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. Жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, директордың   орынбасары  жанындағы кеңес, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды.

I.1 Білім сапасы.  Жылдық қорытынды.

     Қазақ тілі- 68%                                                                 Биология-63%

    Әдебиеті -69%                                                                    Химия-66%

    Орыс тілі-69%                                                                    Дене шынықтыру-100%

    Әдебиеті –76 %                                                                  Сызу-67%

    Ағылшын тілі -70 %                                                            Технология-100%

    Қаз.тарих-66 %                                                                     АӘД-100%

    Д.ж.тарих-66%                                                                    Физика-61%

    География-67%                                                                   Алгебра-59%

             Жаратылыстану-72%                                                          Математика-69%

    Геометрия-60%                                                                  Информатика-81%

Төмен білім сапасын – алгебра-59%, геометрия-60%, физика-61%, биология-63%, көрсетіп, 65%-межеден төмен болды. Осы пәндер бойынша оқушыларға жаздық тапсырма берілді.

            Мектептің жалпы жыл бойынша білім сапасына келсек, тоқсан сайын зерделеніп, өсу мен кему динамикасы  салыстырылып, төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар мектепшілік бақылауға алынып, зерделенді.

     Білім сапасынын мониторингі

Жылдық қорытынды

I    тоқсан                     46.9%


II  тоқсан55.3%

         62.5%

III тоқсан60.5%


IV тоқсан63%



1-11 сынып аралығында  оқу озаты - 244 оқушы, оқу екпіндісі - 670 оқушы.

Өткен оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнымен 3,5,8 сыныптар оқыды. Оқулықпен оқушылар 100% қамтылды. 

2. Гимназия сыныптары:

            Өткен оқу жылында барлығы 16 гимназия сыныбы болып, 1-5 сынып аралығын қамтыды. Онда 400 оқушы білім алды. Гимназия сыныбының ерекшелігі бастауыш сыныптарда   пәндерді кеңейтіп, жоғары   сыныптарда пәндерді тереңдетіп оқытатындығында, (қазақ,ағылшын,математика).  Гимназия сыныптарына 1-сыныптардан сұхбаттасу арқылы, 2-сыныптардан бастап білім, білік, дағдыларын  тексеру (тест, диктант, бақылау) арқылы іріктеледі.

             Гимназия сыныбының білім сапасы   - 74,3%


1 А

I





56

60

56

60

56

60

64

64

60

42

41

31

II





58,3

64

56

72

56

68

76

68

71

46

43

17

III

84

92

80

86

72

68

56

76

72

76

84

73

76

46,4

50

40

IV

84

66

80

91

80

79,1

68

83

72

80

84

80

80

50

60,7

52


Мектеп–гимназияның 3жылдық білім сапасының  салыстырмалы көрсеткіші;





                                                                                                                                           

           2016-2017жж - 65%                   2017-2018жж-56,3%          2018-2019жж-62,5%

   Бүгінгі күні оқушының білім сапасын анықтауды критериалды бағалау жүйесін қолданатындығын барлықтарыңыз білесіздер. Бұл балаларды бір–бірімен емес, тапсырмаға қойылған критерийлер бойынша, оқушының  сол критерийлерді  қаншалықты меңгергенін анықтау нәтижесінде бағаланады. Бұл оқушының өзінің деңгейін күнде біліп отыруына, жіберген қателерін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. (сабақтан критерий бойынша слайдтар)

Бұл бағытта бірнеше рет ата-аналар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



3. ҰБТ және ОЖСБ-ға дайындық

              9-сыныпта - 88 оқушы, 11-сыныпта - 42 оқушымен ОЖСБ және ҰБТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан ҰБТ-ға  және қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тестер, психологиялық көмек,  мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. 42 оқушының 10 наурыз айындағы тапсырған тесттен кейін 10 оқушы ЖОО түсті. 32 оқушы маусым айында баолған  ҰБТ-ға қатысып, нәтижесінде 24 түлек гранқа, 8 оқушы ақылы негізде  ЖОО түсті. Грантқа түскен 24 оқушының 16 оқушысы педагогика   саласын таңдап ЖОО түсті. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп-гимназия нәтижесі   қала бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.

                                 11-сыныптың сынамалы  тест мониторингісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

57,4

56,9

59

70,6

70

76,1

80,9

91

79

99,6

102,4

95,1

90,3

93,6

96,8

105,5

83,4

87,6

94,7

89

100,6

102,3

103,2

106,2

107,4

105,8


Оқу жылы

 Орта балл

Жоғары ұпай жинаған оқушылар

Орта баллы

2017-2018

101,6

Көшербай Аруна

126

Тұрарбек Мақсат

123

2018-2019

101,8

Алтынбек Аружан

124



Жетен Жанерке

122


Слайд 

4. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс.

Өткен оқу жылында 12 оқушы үйден оқытылса, 4 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР  «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР «Білім және Ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. 

Мұнда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 4-қосымшасы басшылыққа алынып, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұйымдастырылды. 

Үйден оқыту барысы үнемі зерделеніп отырды. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, үй жағдайында оқитын 1 оқушы компьютермен қамтамасыз етілген. Үнемі рейд, сұхбастасу барысында компьютерді қалай пайдалануы назарда болды. Үйден оқитын балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, түзету жұмыстары жүргізілді. 

Үйден оқитын 5 «Г» сынып оқушысы Шыңғысбай Руслан «JULDYZAI» Республикалық шығармашылық байқауында «Сурет» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды. Жетекшісі мектеп педагог-психологы Сейсебаева Сандуғаш.



5. Оқу процесін цифрландыру

  1. Өздерініз байқағандай биылғы оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуір №179 бұйрығының 1-қосымшасын «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдаарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып және eduschool.kz сайты арқылы қабылданды. 
  2. Былтырғы оқу жылынан бері «Күнделік.кз» жүйесі енгізіліп, жауапты мамандар белгіленген. 1463 оқушы туралы мәліметтер енгізіліп, ата-ана бұл жүйе арқылы оқушының білімін бақылап, үй тапсырмасын көріп, үнемі байланысты бола алады.
  3. Ұстаздар мен оқушыларға «Bilimland» жүйесі  де   қолжетімді. Оның білім сапасын жетілдіруде маңызы зор. Бүгінгі күні барлық мұғалім  аталған жүйеге тіркеліп , өз сабақтарында керекті ресурстарды пайдалануда.  
  4. Мектепте өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және №30 мг сайты арқылы жариялануда.
  5. Мектепке бөлінген қаражат туралы ақпарат тоқсанына бір рет №30 МГ сайтының ашық бюджет блогында жарияланып келеді.
  6. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі Jumis.sitsen сайты арқылы жүргізілуде. Өткен оқу жылында аталған сайт бойынша 9 мұғалім тіркеліп, 4 мұғалім сынықтан өтіп қабылданды.
  7. Мектеп-гимназияда IT кабинеті жұмыс істейді, бұл сабақтарда оқушылар 3 Д моделдеуді, Инженерия, бағдарлама жасауды үйренді. Робототехника негіздері үйірмесі жұмыс жасады.



6. Әлеуметтік жұмыстар 

          Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 381. Толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 327. Тек анасымен тұратын оқушылар саны – 300. Тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 5. Тума-туыстарымен тұратын оқушылар саны – 23. Өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 21. Өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 5. Қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 4. Жайсыз отбасындағы оқушылар саны – 3. Мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

          Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында 2018 жылдың 1 – тамызы мен 30 – қыркүйегі аралығында Республикалық «Мектепке  жол» атты акциясы жүргізілді. 

          Осы «Мектепке жол» атты акция аясында  «СМОЛЛ» дүкені 15 баланы оқуға қажетті құрал-жабдықтармен (концтовар) қамтамасыз етті.   «Халықты жұмыспен қамту» орталығы 5 балаға мектеп формасы мен  аяқ киімін алып берді.   

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 жылғы №198 бұйрығының 6-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысын негізге ала отырып 5 санат бойынша 199 баланың құжаты жинақталды.

            Өткен оқу жылында 255 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 1-жартыжылдықта ыстық тамақ бағасы 250 тг болса, наурыз айынан бастап 450тг болып, ас мәзіріне жеміс-жидектер, йогурт, ірімшік, айран қосылды. Тамақ сапасы бойынша брокераж комиссия мүшелері беріліп жатқан тамақты тексеріп отырды. Сыныптың ата-аналар комитет мүшелері де тамақ сапасын көріп, көңілдерінен шығатындығы туралы ұсыныстар қалдырып отырды.

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан білім алушылар – 0

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар саны – 201

3.  Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 4

4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0

5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілер – 20.

Салтанат» мөлтекауданы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған қорғаншылықтағы балалардың саны – 5. Оның ішінде мектеп жасындағы бала саны -4. 


Баланың аты-жөні

Сыныбы

Мекен-жайы

Қорғаншының аты-жөні

1. Дулат  Жарас 2.Дулат Санжар 

1 «Е»

№36 бала бақша

4-28-23

Саудабаева Райкан Кузьминична – зейнеткер

3.Аңдабек Ақтөре  

4.Аңдабек Нұрислам 

5.Аңдабек Аяулым  

Үйде

1 «Г»

3 «Г»


4-14-76


Тулегенова Фотима Пулатовна -Саудагер

     Қорғаншылықтағы 4 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тұрғын үй кезегіне қойылды. Тұрмыс-жағдайы тексерілді. Қорғаншымен үнемі әңгімелесу, сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазан айында республикалық «Қамқоршы күні»  мерекесіне орай қалалық мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған мектебіміздегі екі   қорғаншы қатыстырылды. 

     Мемлекет тарапынан көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 255 балаға қыстық аяқ киім, сырт киім, бас киім, мектеп формасы, ақ жейде, сумка таратылды. 

«Әр бір бала өз отбасымен тұруы тиіс» акциясы бойынша мектептегі оқушылардың ішінде өз ата-анасымен емес, туған-туысқандарының қолында тұратын – 23 бала анықталды. Осы 23 баланың нотариалды келісім қағазы жинақталды. 

  2018-2019 оқу жылында Облыс әкімінің шыршасына көп балалы отбасынан шыққан   7«В» сынып оқушысы Прімбет Сұлтан қатыстырылып, қыстық сырт киім, бас киім тағы да көптеген сыйлықтармен қамтамасыз етілді. 

            Тараз қаласы әкімінің шыршасына көп балалы, аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан  4 «Б» сынып оқушысы Жанат Жансая, 3 «Б» сынып оқушысы Балықбай Нұрым қатыстырылып, қала әкімінің жаңа жылдық сыйлықтарын иемденді.

            Өткен оқу жылында мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» демалыс лагеріне аз қамсыздандырылған және көп балалы жанұядан шыққан тегін тамақ тізіміндегі    185  бала қамтылды. 

             Ал, қала сыртындағы «Болашақ» лагеріне - 12,  «Рауан»  сауықтыру лагеріне мектебімізден 15  оқушы, «Бәйтерек»  лагеріне -21 оқушы, «Тау самалы» лагеріне  - 7 оқушы  қамтылды.   Барлығы – 55 оқушы. 


  1. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы 2018-2019 оқу жылының жоспарында көрсетілгендей, әр айдың 2 аптасында 1-11 сыныптарда «Құқықтық білім беру» апталығы жүргізіліп, құқықтық тәрбие шаралары жасалынды. Құқықтық тәрбие саласыбойынша қыркүйек айынан бастап Салтанат мөлтек ауданында орналасқан компьютер клубтарына, сауда орындарына, саяжайларға, көңіл көтеру орындарында рейд жүргізу айлықтары кезінде, мейрам күндері күшейтілді. Бекітілген кесте бойынша Салтанат мөлтек ауданындағы ойын-сауық орындарға «Сәуле», «Малибу», «Эфес», «Платинум» кафелері, «Салтанат» базары, «Үміт», «Жеті қазына», «Гаухартас» мейрамханалары, «Жеңіс саябағы» мен   интернет кафелеріне рейдтер жасалынды. Жалпы қалалық есепке алынған, мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

Рейдтік жұмыстарының нәтижесі ретінде жайсыз отбасы 1 жанұя анықталды. Аталған отбасы жалдамалы пәтерде тұрады ата-анасы азаматтық некеде, анасы наркологиялық есепте тұрады. 

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп ішінде  «Сенім жәшігі» қойылды. Жәшік мектепте айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды.

Мектеп-гимназияда «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оны 25 мүшесі бар. Жоспары жасалынып, бірнеше рет семинарлар, тренинг, кездесулер өткізілді. Жұма сайын «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. 


  1. Білім саласындағы жетістіктер

Қалалық олимпиададан - 5 орын, облыстық олимпиададан - 1,  қалалық ғылыми жобадан – 9 орын, облыстық ғылыми жобадан-1 орын,  Олар: М.Аязбаева, А.Бауыржанов, Ж. Касембек, Ж. Жетен, А, Нургалиева, А. Калиева, Д. Шалхар, М. Тәңірбергенова. А. Ғани, М. Рамазан,  Д.Әтірбаева, А.Даулетбаева, М.Есенқұл. 

7 «В» сынып оқушысы Сулеймен Сабина «Кітап оқып миллионер бол» байқауының 3 орын жеңімпазы атанып, 75000тг сыйақыға ие болды.

«Ақбота» интеллектуалды байқауынан-38 орын, «Руский медвежонок - языкознание для всех» олимпиадасынан – 7 орын, «British Bulldog»-тан 32 орын, «Кенгуру-лингвист»   олимпиадасынан – 19 орын, «Кенгуру-математика»   олимпиадасынан – 5 орын,  КИО «Дарын» орталығының оқушылар арасындағы қашықтық олимпиадасынан -3 орын,   мұғалімдер қатысқан байқаулардан – 35 орынды алды.

Мектеп оқушылары бұл байқаулардан да басқа төмендегідей бірнеше байқауларға қатысып жүлделермен оралып жүр.

11 «Ә» сынып оқушысы Бауыржанов Әділет Тараз қаласындағы мектеп бітіруші арасында «Құқық негіздері» пәнінен ұйымдастырылған олимпиададан бір жылдық грант иегері (ТарМУ) атанды.

            9 «Ә» сынып оқушылары Рахымбай Ақмарал, Шалқар Диас, Озғанбаева Аяжан «Өзін – өзі тану» пәні бойынша оқушылар арасында «Әлеуметтік жоба» қалалық олимпиадасында  II дәрежелі дипломмен марапатталды

6 «Г» сынып оқушысы Коршыбек Диас қалалық «Логикалық математика» сайысынан   2-орын иеленді.

«Altyn Tobylgy» республикалық зияткерлік олимпиадасынан  І орынмен Жақсыбаева Айгерім, ІІ орынмен Орынбаева Лаура, Қазбек Дәмелі, Шубай Ұлдана, Мыңтай Инабат Тоғанбай Мерей, ІІІ орынмен Дәнебай Кәмшат, Тәжібай Айсана, Ерсұлтанұлы Олжабай марапатталды.

           Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген мәселесінде «Мен жастарға сенемін» байқауында 11-сынып оқушысы Қуандыр Әкежан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

           Қалалық «Ақ берен» байқауында эссе жазудан 11-сынып оқушысы Қуандыр Әкежан , Мүсілім Айгерім ІІІ орынмен марапатталды

Қалалық «ХҮІІІ Абай оқулары» байқауынан «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша  Әтірбаева Диляра жүлделі ІІ орынды иеленді, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша  Алпысбай Гүлсезім жүлделі І орынды иеленді, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша  Есенқұл Мерей жүлделі ІІ орынды,  Алдабергенова Әмина ІІІ орынмен марапатталды 

Қалалық «Жамбыл үні-жарқын» шығармалар байқауы-Нұрмұратова Балнұр-ІІ орынмен марапатталды;

«Қазақ әдебиетінің саңылақтары» атты қалалық байқауға қатысып  8« Ә» сынып оқушысы Таштан Айгүл III орынды иеленді.

 «Туған жерге –туыңды тік!» тақырыбында өткізілген облыстық жас қаламгерлер байқауына қатысып I  орынды 8 «Ә» сынып оқушысы Таштан Айгүл марапатталды.

        Қалалық Бауыржан оқулары байқауында, «Бауыржанға арнау» бөлімі бойынша III орынды  8 «Ә» сынып оқушысы  Шамшат Айша иеленді.

           Республикалық «Досыма  хат» атты онлайн шығарма жазу сайысы І дәрежелі диплом Ақан Аида   марапатталды.

Қалалық «Әулиеатаның киелі тарихы» атты интерактивті 9 «Б» сынып оқушысы Әтірбаева Диляра жарысында III орынды иеленді

«Нұрталап - 2019» байқауының жеңімпазы» М.Мақатаевтың өлеңдер оқуының бас жүлдегері Қанатбек Кәусар.

           «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты қалалық шығарма байқауының жеңімпаздары: Орынбасар Кәусар, Асқар Сымбат, Самат Елнұр, Мамыралы Сымбат, облыстан Мамыралы Сымбат марапатталды.



  1. Тәрбие саласындағы жетістіктер

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында мектеп-гимназияда «25 кітап» жобасы және «Ауылдағы 6 күн» жобалары жүргізіліп келеді. «25 кітап» жобасы 2-10 сыныптарға және   «Ауылдағы 6 күн жобасы» 7-8 сыныптарға  арналған. «25 кітап» жобасы былтырғы оқу жылынан бастап, «Ауылдағы 6 күн» жобасы 2019 жылдың наурыз айынан бастап енгізілген. Сондай-ақ жоспарға сәйкес 12 желтоқсан күні 30 мектеп-гимназиясында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздары, олимпиада жүлдегерлері А.Таңатаров пен З.Габидуллинамен кездесу өтті. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Бір бала-бір ағаш» атты 1 және 11 сынып оқушылар   ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

         «Кітап – білім қазынасы» дейтін болсақ, бүгінде кітапқұмар жастар азайып кетті. Оған басты себеп – кітапханалардың заман ағымынан кенжелеп қалуы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында , мектеп-гимназиясының   мұғалімдерінің   демеушілігімен  «Коворкинг»   және «Шахмат» орталығы   ашылды. Екі орталықтың мақсаты: оқушылардың  жан дүниесін байыту, тілдік қорын арттыру, кітаптан үйренген тәлім-тәрбиені өмірде қолдану, оқушының бос уақытын тиімді пайдалану және  шахмат ойындары арқылы жас буынның ойлау қабілетін арттыру. Орталықтардың ашылуына Қамқоршылық кеңесінің төрайымы және ата-аналар, оқушылар қатысты. Аталған орталықты  қалалық білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы   салтанатты түрде ашып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл өте керемет бастама екенін айтып, осындай игі істерге өз демеушіліктерін көрсеткен мектеп-гимназия ұжымына үлкен алғысын білдірді. 

        Мектеп-гимназия ұстаздары өз баласына ғана емес, өзгенің де баласына білім мен тәрбие берумен қатар олардың рухани өсуіне жағдай жасап,өз демеушіліктерімен мектеп дәліздерін әр түрлі орталықтарға айналдыруда. Шахмат орталығына ұстаздар демеушілік ретінде 135.000 теңге қаражат жұмсады. Осы қаражаттың 60.000 теңгесі-үстелдерге, 65.000 теңгесі-безендіруге, 10.000 теңгесі-шахматқа жұмсалған.  Бастауыш сынып оқушылары үшін ашылған коворкинг алаңында оқушылар еркін, алаңсыз отырып кітап оқуға жағдай жасалған. Бұл орталыққа ұстаздар 285.000 теңге демеуші көлемінде демеушілік көрсетті. Осы жұмсалған қаражаттың 110.000 теңгесі-шкафтарға, төсеніш пен сәкіге-115.000 теңгесі, безендіруге -60.000 теңгесі жұмсалған. Ұстаздардың демеушілігімен мектеп мәжіліс залына проектор және қабырға экраны қойылды.

        Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде мектеп оқушылар мектеппен ғана шектелмей қала көлеміндегі байқауларға қатысып жүлделі орындармен марапатталып келеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында   оқушыларымыз "Табиғатты аяла" тақырыбындағы жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумында ІІ-ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  


                                             Үйірме жұмысы

Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда 23 үйірме жұмыс жасайды. Осы үйірме қатысушылары Республикалық,облыстық,қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 

2018-2019 оқу жылындағы «Өнер» бірлестігінің   үйірме жетістіктері

Қалалық


Оқушының аты-жөні

сыныбы

Байқаудың атауы

орны

жетекші

1

Әзімғали Жания

5 « Г»

«Мен және менің 

1 орын

Шарипбекова .Г

2

Сыман Диана

3«А»

«Мен және менің полицейім»

3 орын

Керімбекова. Р

3

Қайрат Бақдәулет

3 «Б»

«Мен және менің полицейім»

3 орын

Керімбекова Р.

4

Үсенова Ханшайым

3 «Б»

«Тараз-тарихи мекенім»

3 орын

Керімбекова Р.

5

Мұхамеджан Дамир

7 «Б»

«Тәуелсіздік тұғырым»

2 орын

Дарменова Ж.

6

Алпысбай Гүлсезім

6 «Ә»

«Тәуелсіздік тұғырым»

1 орын

Дарменова Ж.

7

Тоқтасын Еркебұлан

6 «В»

«Тәуелсіздік тұғырым»

3 орын

Дарменова Ж.

8

Ермек Сәкен

6 «В»

«Тәуелсіздік тұғырым»

3 орын


9

Алпысбай Гүлсезім

6 «Ә»

«Көңілдің асыл пернесі»

1 орын

Дарменова Ж.

10

Сатыбалдина Анель

4 «Б»

«Көңілдің асыл пернесі»

2 орын

Дарменова Ж.

11

Тоқтасын Еркебұлан

6 «В»

«Кішкентай ханзада мен ханшайым»

3 орын

Дарменова Ж.

12

Алпысбай Гүлсезім

6 «Ә»

«Кішкентай ханзада мен ханшайым»

3 орын

Дарменова Ж.


Облыстық

Оқушының аты-жөні

сыныбы

Байқаудың атауы

орыны

жетекшісі

1

Абдыкұл Аруна

3 «Б»

«Волшебная зима» 

1 орын

Керімбекова Р

2

Қанатбек Кәусар

2 «Б»

«Волшебная зима»

3 орын

Сексенбаева Ж

3

Байсейіт Аяулым

5 «Д»

«Волшебная зима»

3 орын

Сексенбаева Ж

4

Русланқызы Алина

4 «Б»

«Улыбнись радуге»

2 орын

Керімбекова Р

5

Ақылбек Мерей

9 «А»

«Улыбнись радуге»

Алғыс хат

Шарипбекова Г.

6

Озғанбаева Аяжан

9 «Ә»

«Улыбнись радуге»

Алғыс хат

Шарипбекова Г.

7

Мыңтай Аружан

9 «А»

«Улыбнись радуге»

Алғыс хат

Шарипбекова Г.

8

Азыралы Асылай 

5 «Е»

«Менің киелі Таразым» атты жас суретшілер байқауы

ІІІ орын

Шарипбекова Г.


Байсейіт Аяулым

5 «Д»

«Менің киелі Таразым» атты жас суретшілер байқауы

ІІІ орын

Шарипбекова Г.


Республикалық 

Оқушының аты-жөні

сыныбы

Байқаудың атауы

орыны

жетекшісі

1

Марат Алжан

4 «Б»

«Менің сүйікті қалам»(қашықтық)

диплом

Керімбекова Р

2

Жаныбекұлы Нұрислам

1 «Б»

«Арайлы алтын күз» Daryndy zhas оқу орталығы (қашықтық)

1 дәрежелі диплом

Керімбекова Р

3

Алмасбек Мерей

5 «В»

 «Құс жолы» (балалар өнер байқауы)

1 орын

Алимжанова Т

 Мұқатай Аяулым

8 «Б»

 «Құс жолы» (балалар өнер байқауы) 

Бас жүлде

Сексенбаева Ж

5

« Достар триосы»

Ермек С Мұхаммеджан Д

Тоқтасын Е

6 «В»

7 «Б»

6 «В»

«Құс жолы»

 Бас жүлде

Дарменова Ж

6

Серік Алибек

5 «А»

«Құс жолы»

 2 орын

Дарменова Ж

7

Сатыбалдина Анель

4 «Б»

«Құс жолы»

 2 орын

Дарменова Ж

8

Сейітбек Н

5 «А»

Р. Тәжібайқызы Бағланова «Жақсы ән жан азығы»

3 орын

Дарменова Ж


  1.  2018-2019 оқу жылында 7«Б» сынып оқушысы Шәріпбек Ердос бокстан  Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасында өткен турнирде «Азия чемпионы» атанды. 

 2. Алматы қаласында өткен таеквондодан республикалық  турнирінде ІІІ орын алған 5 «А» сынып оқушысы Бауыржанқызы Альмира марапатталды.

3. Тараз қаласында өткен  таеквондодан республикалық турнирде 5«А»  сынып оқушысы Бауыржанқызы Альмира  ІІ орынмен марапатталды. 

«Замандас» үйірмесінің қатысушылар биылғы оқу жылында екі үлкен сахналық қойылымды жарыққа шығарды. Бірі Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» көмедиялық пьесасы, екіншісі «Айша бибі» тарихи трагедиясын сахналады. Жетекшісі: ҚР халық әртісі Макен Рахымжанқызы Рахымжанова.


 «Жас Ұлан» ұйымы

     Мектеп-гимназиямызда «Жас Ұлан» ұйымы жұмыс жасап келеді. Былтырғы  оқу жылында 290 жас ұландықтар және 311 жас қырандықтар «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Барлығы 601 оқушы. Осы аталған оқушылар көптеген қалалық облыстық байқауларға қатысып,жүлделі орындармен марапатталды.

      2019 жылдың қазан айында өткен қалалық әскери-спорттық жарысқа «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатысып,жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

«Үздік Ұланбасы-2019» облыстық байқауға қатысып мектеп ұланбасы Рахымбай Ақмарал ІІІ орынмен марапатталды.

     7 сәуір-халықаралық денсаулық күніне орай қалалық тәлімгерлер арасында ұйымдастырылған, «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық жарыста мектеп-гимназия тәлімгері Исаева Ағила І орынға ие болды.

     Қалалық «Жайдарлы –Жас Ұлан» көңілді тапқырлар байқауында «Жас Ұлан» ұйымынан құралған «Жеті сұлу-бір сері» КВН командасы  алғыс хатпен марапатталды.


  1. Мектеп ұстаздарының жетістіктері

Өткен оқу жылында мектеп-гимназияда барлығы 100 мұғалім еңбек етті, оның  34-ті - жоғары санатты,    22-сі - 1 санатты,   15-сі - 2 санатты,     педагог-модератор  - 5 , педагог сарапшы - 9, педагог-зерттеуші - 9.  Педагог кадрларының сапалық құрамы – 54,4% құрады.

Инновациялық жұмыс: Әрбір мектеп мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны арқылы оқушыларды жаңа табыстар үшін табандылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын жағдайлар жасауы үшін   өзіндік жеке даму бағытында жобалармен жұмыс жасауды жолға қойып келеді.  Қазіргі таңда мектеп-гимназияда алты инновациялық жоба   оқу-тәрбие үрдісіне  енгізіліп, іске асырылып жатыр. Модификациялық инновация   аясында жұмыс жасап жатқан мектеп ұстаздарының ең басты мақсаты –ілкімді тұлғаны үздіксіз өзгермелі өмірге, болашақ әлемде өмір сүруге дайындау.

 


Мектептің жұмысы мен оқушының жетістіктерін өрістетуші негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан,  биылғы оқу жылында  мектеп-гимназия мұғалімдерінің жетістіктері де айтарлықтай өсті.

-«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиададан 2-орынды Қамзаева Халимат  иеленді.

-Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Абдигапарова Назира «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты қалалық   педагогикалық оқудан  2-орын, облыстық педагогикалық оқудан  3-орын иеленді. 

-«Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модерницазиялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары» атты   Республикалық педагогикалық оқуларында   «Үздік педагогикалық өнім-2019»   байқауында      «Үздік инновациялық сабақ» номинациясы   1-орын  Мейрахатқызы Назген, 1-орын  Мусаева Мейрамкуль. «Үздік шеберлік сынып»  номинациясы  бойынша 1-орын Қамзаева Халимат,  «Үздік сабақ»   номинациясы 2-орын Жанабаева Салтанат,  «Үздік мультимедиялық өнім»  номинациясы 2-орын Айдакеева Анар иеленді.

-«Үздік ашық сабақ»  облыстық  байқаудан   2-орын  иеленген ұстаздар Мейрахатқызы Назген, Даминова Бағдат, Кұлибай Гүлнар, Жанабаева Салтанат, Мураталиева Жансая .

-Қалалық физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасынан 1-орын иеленген Наурызбаева Жарқынай.

- Қалалық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Үздік сабақ» байқауы бойынша Сулейман Ақбота ІІ орынмен марапатталды. 

- Қалалық мектепалды даярлық сыныптары арасында өткен «Үздік сабақ» байқауының қорытындысымен Бектемисова Зарина ІІ орынмен марапатталды.

- Қалалық технология пәні мұғалімдері арасында өткен «Үздік ашық сабақ» байқауында жүлделі І орынды Алимжанова Тынар иеленді.

- Қалалық ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында өткен «Үздік интерактивті сабақ» байқауы бойынша Асылбай Бота ІІІ орынмен марапатталды. 

- Қалалық география пән мұғалімдері арасында өткен «Үздік интерактивті сабақ» байқауы бойынша Айғонова Мәдина 3 орынмен марапатталды.

- Қалалық өзін-өзі тану пәні мұғалімдері арасында өткен «Үздік сабақ» байқауы бойынша   Абдигапарова Назира  ІІ орынды иеленді.  

-Қалалық «Тіл дарын 2019» байқауынан ағылшын тіл пән мұғалімі Әділбекова Фарида 2 орынды иеленді. 

- Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама -2019» байқауына информатика пән мұғалімі Б.Сүйінбаева 3-орын иеленді.

- «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты облыстық педагогикалық оқуларынан Жүнісова Зәуре 2 орын алды.

- I Республикалық Е.Бекмаханов атындағы  мұғалімдерге арналған «Қазақстан тарихы» олимпиадасынан Сұранова Сайра  II орынды иеленді.

-Химия пәні жоғары санатты мұғалімі С. Таңатарованың «Жаңартылған бағдарлама бойынша химиядан сандық есептерді шығару» атты 8-сыныпқа арналған әдістемелік оқу құралы «Аруна» кітап баспасынан 50 дана шығып, республика көлемінде таратылды.

            


  1. Материалдық-техникалық базаны жақсарту

Мектеп-гимназияда 46 оқу кабинеті бар. Мультимедиалық-лингофонды кабинет саны - 2.  2 информатика кабинеттерінде 26 компьютермен жабдықталып, барлығы Интернет желісіне қосылған.  Қазіргі таңда ІТ кабинетте  200 оқушы білім алуда. Оқушылар STEM порталы арқылы,  3D модельдеу, программалау, робототехника бағыттары арқылы білім алуда. IT кабинеті 9 дана заманауи компьютерлермен, 3D принтер, 7 дана arduino, 1 дана make blok роботымен жабдықталған. 1 дана интербелсенді тақтамен жабдықталған. Компьютерлік сыныптар саны  - 2 дана, жалпы мектептегі  компьютерлер саны - 123 дана, инфокиоск саны - 5 дана. Бір компьютерге шаққанда -12 баладан келеді. Мектептегі бүкіл компьютерлер интернет желісіне қосылған. Мәжіліс залы 351 орынға шақталып, онда музыкалық аппараттармен  жабдықталған. Асханада  бір мезгілде 144 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Дене шынықтыру сабақтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Онда снарядтар, тренажерлар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары қолайлы орналасқан. Медициналық кабинет 2 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті.  

Физика, химия, биология  кабинеттері лабораториялық  жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.

Қараша айындағы  «Ең үздік  кабинет» байқауында  өнер пәндер бірлестігінің  №303 кабинеті ең үздік кабинет деп танылды.

Мектептің аумағында жылыжай бар. Өткен оқу жылында қияр, қызанақ, аскөк сияқты көкеністер өсірілді, биология пән сабағынан зертханалық, тәжірибелік жұмыстар өткізіліп отырады. 



Жаңа 2019-2020  оқу жылына қойылған міндеттер:

1.   Материалдық-техникалық базаны нығайту, химия, физика, биология пән кабинеттерін лабораториялық жабдықтармен жабдықтау; 
 2.  Авторлық бағдарламаларды дайындау мен 
әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жасау жұмыстарын жүйелі жолға қою;
 3.  Алғашқы әскери дайындық кабинетінің қоймасын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету;  

4. Назарбаев зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін, жобасын  енгізу жұмыстарын жетілдіру 

5.  Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту.

6.  Техникалық шығармашылық орталықтармен жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың түрлі спорттық іс-шараларға, байқауларға қатысуын күшейту.

7. Мектеп бойынша 7 компьютер оқу процесіне жетіспейді, «Смарткітапхана» , «Смарт мұғалімдер бөлмесі» ашу жоспарда бар.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив