МҮБАРАК ЖИНАҚБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МҮБАРАК ЖИНАҚБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ
04
октябрь
2017

МҮБАРАК ЖИНАҚБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.


Әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтерудің кілті– ұстаздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Осындай ең ізгі әрі қиыншылығы мол, жауапкершілігі жоғары міндетті қаламыздағы 107 білім мекемесінде 7833 педагог атқаруда, оның ішінде мектеп мұғалімдері – 5634, балабақша тәрбиешілері – 2199. Педагогтардың 51 пайызында жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар. Мұғалімдердің сапалық құрамы мен потенциалы жылдан-жылға өсіп келеді. Білім саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерге, заман талабына байланысты педагогтардың оқыту мазмұны мен әдіс-тәсілдері де жаңашалану үстінде.


Ағымдағы жылы 1,2,5,7 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты аталған сынып мұғалімдері арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтіп, оқу процесіне жаңа леп әкелді.


Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы бойынша 7-9 сыныптарда факультативтік курстар есебінен ағылшын тілі сағаттары көбейтіліп, жаратылыстану бағытындағы пәндердің терминдерін ағылшын тілінде оқыту бас-талды. Бүгінгі күні 59 жалпы білім беретін мектепте химия, биология, физика және информатика пәндерінен 558 мұғалім жұмыс атқарады. Оның ішінде үш тілде оқыту бағдарламасымен 90 мұғалім біліктілігін арттырды, ал 277-сі 2017 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың сәуір айына дейінгі ұзақ мерзімді курстарға жіберілді. Жаңа 2017-2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап арнайы сертификаты бар 38 пән мұғалімі (26 мектептен) химия, физика, биология, информатика пәнінің курстарын ағылшын тілінде жүргізудің пилоттық жобасын іске асыруда.


«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында оқушыларымыз үлкен жетістіктерге жетіп, нәтижелер көрсетуде. Өткен оқу жылы 25 оқушы халықаралық, республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жоба жарысының жүлдегері атанды, мектеп түлектерінің 49-ы «Алтын белгі», 27-сі «Үздік аттес-тат» иегерлері атанды. Қазақтың ұлы ағартушы-демократы Абайдың «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» деген сөзі осындай талантты, дарынды оқушыларды дайындаған ұстаздардың еңбегі екеніне дәлел болады. Атап айтқанда, №1 гимназияның мұғалімдері Зәуре Джандыбаева, Гүлмира Помашева, Райхан Сабаева, Мария Малахова, №5 мектеп-гимназия мұғалімі Раушан Бегасилова, №8 гимназияның мұғалімдері Жанат Шайпитенова, Роза Наметова, №24 гимназияның мұғалімдері Альфия Куцева, Рамиля Галиева, Елена Семенова, №31 мектеп мұғалімі Андрей Сон, №39 мектеп-гимназия мұғалімі Гүлжан Оңғарбаева, №41 гимназияның мұғалімдері Марина Вааг, Айнұр Сариева, №45 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Гүлнар Өтегенова, Талап Шымырбаев, Күлпан Бошамбекова, Анар Мукадас, №46 орта мектеп мұғалімі Әділхан Смаилов, №49 мектеп-гимназия мұғалімі Гулфайруз Асылбекова.


Сондай-ақ мұғалімдеріміз түрлі кәсіптік байқауларда да өздерінің шеберліктерін көрсетуде. Соңғы 5 жылда 3 мұғалім республикалық «Үздік педагог» атағына ие болса, 6 мұғалім аталған байқаудың облыстық кезеңінің жүлдегерлері атанды. Олардың қатарында №40 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Полихрониди, №31 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі А.Сон, №26 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Құлекеева бар. Биылғы оқу жылында №1 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Г.Помашева байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.


Өткен оқу жылы республикалық «Инновациялық-педагогикалық идеялар» фестивалінде №45 гимназияның психологы А.Тлеубай мен №30 мектеп-гимназияның директоры Р.Есеева І орынға, №48 орта мектептің мұғалімі Б.Бөрібеков ІІ орынға, №18,33 балабақша педагогтары Р.Омашева, Ә.Байгазиева ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ республикалық «Үздік авторлық бағдарлама–2016» байқауында №7,32,45 гимназия мұғалімдері Д.Жүнісова, Х.Дербисалиева, О.Белая жүлделі орындарды иеленді.


Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Шәкірт алған білімін өз кәдесіне жаратып, өмірде өз жолын адаспай таба білсе, ұстаз мақсатының орындалғаны деп білемін.

 

Похожие публикации:

01 сентябрь 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив