03
ноябрь
2022
Жетекші мектеп
Жетекші мектептің қызметінің мақсаты - серіктес мектептермен мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын құрып, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау болып табылады. Осы орайда Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия мұғалімдерінің шығармашылық тобы серіктес мектептер әріптестерімен "Жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығы қызметінің моделін талқылау және әзірлеу" тақырыбында кәсіби диалог алаңын өткізді. Кездесу барысында мұғалімдер тәжірибе алмасып, өздерінің жұмыстарындағы жаңалықтарымен бөлісті. Серіктестік аясында негізгі басымдықтарды анықтап, бірлесіп атқаратын жұмыстарын талқылап, жоспарлады. Алдағы уақытта серіктес мектептер анықталған басымдықтарды негізге алып, кәсіби қоғамдастық аясында ынтымақтастықта жұмыс жасауды жалғастырамыз. 



