03
ноябрь
2022
«Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар»
03.11.2022 күні жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандардың жетекшісі Мейрахатқызы Назген «Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарда жас мамандар өздерінің тәжірибелерін ортаға салып, талдап, бағалаудың түрлерін, кері байланыс жасауды, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді, сабақ жоспарлаудағы негізгі қағидаттарды ортаға салып талқылады. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, олар өздеріне қажетті мәліметтерді толық алып кетті.





