28
октябрь
2022
“Электр қуатын үнемдейік” тақырыбында танымдық сағаты
Қазіргі уақытта электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. Электр қуатын көп тұтыну оны өндіруге жұмсалатын шикізат көздерін көп пайдалануға ғана емес, жаһандық экологияға да көп залал келтіруде. Сондықтан адамзат болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алуы қажет. Осы мақсатта 7-сыныптар арасында “Электр қуатын үнемдейік” тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.