27
октябрь
2022
жас түлектермен кездесу
28.10.2022ж Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында
2021-2022ж мектеп бітіген жас түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты: мектеп бітірген түлектер жеткен жетістіктері мен болашақ түлектерге мамандық таңдауға жол сілтеу, кәсіби бағыт-бағдар беру. Кездесуге М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері: Софетхан Анар, Мадияр Нұрсұлтан және Сейтбекова Әсел келді. Түлектер өздерінің не себепті дәл осы мамандықты таңдағандығы және болашақта қандай маман болып шығатындығы туралы баяндап берді. Сонымен қатар, жоғары оқу орынындағы кезең мен мектеп қабырғасындағы кезеңдегі айырмашылықтарды, мектеп кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Оқушылар түлектерге өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Кездесу соңында түлектер оқушыларға мамандық таңдауда көп ізденіп, қателеспеу керектігін, болашақта үздік сала қызметкерлері болуларына тілектес екендерін айтып, оқушылармен естелікке суретке түсті




