02
ноябрь
2022
жас сынып жетекшілерімен семинар
Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан. Міне, осы орайда бүгін мектеп - гимназиямыздың жас сынып жетекшілерімен семинар өткізілді. Іс - шара барысында баяндамашылар Кончекова Р. «Сынып жетекші портфолиосы», Сагинбекова К. «Сынып сағатын тиімді ұйымдастыру», Омиралиева Ж. «Ата – ана – бала - мектеп» тұрғысынан ата – анамен тығыз қарым – қатынаста бола отырып, бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлін арттыру» тақырыптарында өз іс - тәжірибелерімен бөлісіп, жас сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттері мен іс - тәжірибелерін арттыруда мол үлестерін қосты. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп, оның қызығушылықтарын ояту әрбір сынып жетекшінің негізі міндеті болып табылады. 





