01
ноябрь
2022
"Оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану жолдары"
Қараша айының алғашқы күні ағылшын тілі пәні бірлестігінің педагог-зерттеуші ұстазы Тоғайбаева Гүлнар
"Оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану жолдары" тақырыбында бірлестік мұғалімдеріне семинар жүргізді.
Мұғалімдер сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажыратуды, оқытудың белсенді тәсілдерінің тиімдісін, қажеттісін таңдап, саралап өз сабақтарында қолдануды, оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтауды үйренді. Белсенді оқыту стратегиялары бойынша өздерінің де іс-тәжірибелерін ортаға салып, өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.


