15
декабрь
2022
«Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ!»
Бүгін мектеп-гимназиямызда «2022 жыл -Балалар жылы» аясында «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ!» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді. Іс-шара барысында "Жас Ұлан" "Жас Қыран" ББЖҰ қатарына оқушылар қабылданды. "Айгөлек" би үйірмесінің қыздары би билеп, "Муз - әлем үйірмесінің өнерлі оқушылары сахнада әсем әндерін шырқады.”Бозінген" домбыра үйірмесінің оқушылары халық күйі "Нәр ағаш" күйін күмбірлеген домбыра үнімен сахна ажарын көрікті ете түсті. Мерекелік іс-шара барысында мектеп - гимназия директоры Рахия Райқұлқызы мектебіміздің оқушыларын құттықтап, марапаттады. Іс - шара соңында Шымкент қаласында өткен Республикалық «Жұлдыз-ай» конкурсының «Үздік вокал» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломның иегері 9 «Г» сынып оқушысы Шыңғысбай Руслан «Мен қазақпын» әнін орындап, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятты.