1-тоқсанның қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің бірлестік
1-тоқсанның қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің бірлестік отырысы өтті. Күн тәртібінде аталған тоқсанның білім сапасы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, ағылшын тілі пәнінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтармен жұмыстары талқыланды. Білім сапасы төмен сыныптардың оқушыларымен қосымша жұмыстар жүргізу және пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету керектігі айтылып, алдымыздағы тоқсанда пән мұғалімдерінің сабақтарына тәжірибелі ұстаздарды қатыстыру міндеттелді.