Мектеп түлегі Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жеке әнші, тележүргізуші, актриса. Отбасында әкесі Есіркеп, анасы Кәмшат, үлкен әпкесі Меруерт және інісі Ерсұлтан. Тараз қаласындағы №49, №36, №30 мектептерде оқыған. Бес жасынан гимнастика, таэквонда, дзюдо, жүгіру, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлеріне әуес болған. 2001 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжі музыка бөлімінің білімгері атанды. Домбыра сыныбын бітірген.