Мектеп түлегі Мөлдір Әуелбекова » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп түлегі Мөлдір Әуелбекова
07
март
2020

Мектеп түлегі Мөлдір Әуелбекова


Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жеке әнші, тележүргізуші, актриса. Отбасында әкесі Есіркеп, анасы Кәмшат, үлкен әпкесі Меруерт және інісі Ерсұлтан.
Тараз қаласындағы №49, №36, №30 мектептерде оқыған. Бес жасынан гимнастика, таэквонда, дзюдо, жүгіру, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлеріне әуес болған.
2001 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжі музыка бөлімінің білімгері атанды. Домбыра сыныбын бітірген. Облыстық "Айгөлек" ән байқауының бірінші орын иегері, "Бозторғай" ән байқауының дипломанты.
2003 жылы басталған «SuperStar.kz» жобасының бірінші маусымында жүздікке ілікпей қалады. Ал 2004 жылы жобаның екінші маусымында бақ сынап, ондыққа дейін өтеді.
2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының білімгері атанды. Люция Төлешованың сыныбында тәлім алды. Бірінші курсты орталап қалғанда сол кездегі «Саф», қазіргі «КешYou» тобына іріктеу өткізіліп, Мөлдір Әуелбекова топ құрамына кірді. Топ құрамында 2010 жылы «Шығыс базары» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алды.
2011 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдады.
2010 жылы «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» фильміндегі басты рөлден үміткер 2000 қыздың арасынан Мөлдір таңдалады. Фильм мен Мөлдір сомдаған образ халық ықыласына бөленді. 2011 жылы «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль-2» деген атпен фильмнің екінші бөлімі түсірілді.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Мөлдір жеке шығармашылықпен айналыса бастады. Бірнеше әндер жаздырды. Атап өтер болсақ "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Джан-джан немесе Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" әндері. Мамыр айынан бастап «Adam Media Group» компаниясы дайындап, «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетілген «Елім менің» интеллектуалды думанын жүргізіп, көрермен талғамынан шықты. Сол жылдың қараша айында «Өсиет» атты бейнебаяны жарық көрді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив